Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев және ЖАНТ мүшесі Дәурен Құттыбаев мәдениет үйінде аталған мекеменің қызметкерлерімен "Ислам және ізгі қоғам" тақырыбында кездесу өткізді.
Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев және ЖАНТ мүшесі Дәурен Құттыбаев мәдениет үйінде аталған мекеменің қызметкерлерімен "Ислам және ізгі қоғам" тақырыбында кездесу өткізді.
Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітіне арнайы зиярат етіп барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Қордай мешіттерінде ауыл тұрғындарынан жер өнімдері мен пияз, картоп, сарымсақ сынды көкөністерден ұшыр садақасы жиналды. Жиналған садақа Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» медресесінде тәлім алып жатқан шәкірттер мен қариларға жіберілді.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев мешітке келіп неке қидырушы жас отбасыларды жинап, «Ізгі қоғам» бағыты аясында «Неке бақыты» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге 3 жұп отбасы қатысып, ақ некенің артықшылығы жайлы пайдалы мағлұмат алды.
Қордай ауданы «Қордай» мешітінде «Отбасы күні» атты жиын өткізілді. 2013- жылдан бері қыркүйек айының екінші жексенбісін «Отбасы күні» деп жарияланып, тойланып келеді. Отбасы шағын мемлекет. Отбасыда жақсылық көбейсе, мейірім махаббат артса, қоғамда да ізгілік арта түседі. Мемлекет жағдайыда мерейі асып, мәртебесі көтеріледі.
Әлемнің мәні – әйелде», - деп Жүрсін Ерман ағамыз айтқандай, қай заманда да, қай халықта болмасын әйел адамның орны ерекше. Қазақ халқында әйел адамға өмірдің әні мен сәні, үйіміздің жылуы, ер адамдардың ақылшысы, балаларымыздың тәрбиешісі деп қараған. "Қызыңды тәрбиелегенің ұлтты тәрбиелегенің" деген даналықты да бабаларымыз тауып айтқан.