Дүниежүзілік жастар күніне орай "Ізгі қоғам жастары" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараға облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Есет Таласпаев пен Жастар ресурстық орталығы дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Нұрбек Жұмағалиұлы қатысты.
"Аспара" колледжінің студенттерімен кездесуде ұстаз ізгі қоғам жайында, жастардың исламдағы рөлі турасында насихат айтты. Сонымен қатар студенттердің дін жайлы әртүрлі сұрақтарына жауап берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі