Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады.
Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Сондай іс-шаралардың бірі Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешітінде ұйымдастырылды.
Ауыл жамағатының демеушілігімен отбасымен сырқаттанған жанұяға 140 000 теңге қаржылай көмек жасалды. Жәрдем алғандар демеушілер мен мешіт имамына алғысын айтты.