Шу аудандарының имамдарына "Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, сақтану жолдары" тақырыбында семинар өтті. Шараны "Нұр мүбәрак" университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы директорының орынбасары, РАНТ мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, теолог-журналист Салтан Сәкен жүргізді.
Аудан имамдары мен жамағат қатысқан жиында білікті маман діни экстремизм, жат ағымдар жайлы бүге-шегесіне дейін ақпарат беріп, көпшіліктің сұрақтарына мардымды жауаптар берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі