- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 430
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің жанынан ашылған Қарилар курсы тағы бір шәкіртін ұшырып, қуанышқа бөленді. 2024 жылы басталған бұл ізгі жолда шәкіртіміз Нұрасыл Кенжебай ұлы кітапты толықтай жаттап қана қоймай, оны үздіксіз қайталап, білімін бекемдей отырып, жинақтау емтихандарын абыроймен тапсырып шықты. Жас қаридың зеректігі мен ынтасы әсіресе соңғы кезеңде айқын көрінді: ол әлі бетін ашпаған соңғы 20 параны күніне 10 беттен еңсеріп, таңғалдарлық қарқын танытты.
Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде қала мешіттерінің шәкірттері арасында «Дінтеллект» зияткерлік сайысы өтті. Жиынның ашылуында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Жазира Иманалиева кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Жәми» мешітінде жамағаттың басын қосқан берекелі айлық дастархан жайылды. Басқосу барысында білім алудың маңызы мен оның мол сауабы жайында тағылымды уағыз айтылды.
«Кәрібай молда» мешітінде ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев құптан намазы уақытында жамағатқа «Бидғат – нәзік түсінік» тақырыбында уағыз жүргізді.
«Жәми» мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпанов «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде жұма намазы барысында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының тағылымы туралы уағыз айтты.