ТАРАЗДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА 200 БАЛАҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ БЕРІЛДІ

ТАРАЗДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА 200 БАЛАҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны өтті. Шара аясында облыстық орталық және қалалық мешіттердің қолдауымен «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілдігі 200 оқушыға мектеп сөмкелерін табыстады.
 
Көмек көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерге берілді. Әр сөмкенің ішіне қаламнан бастап, дәптер мұқабасына дейін білім алуға қажетті барлық құрал-жабдық толық салынған.
 
Мектеп табалдырығын жаңадан аттайтын бүлдіршіндерге сыйлықтарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Ержан Аманбаев салтанатты түрде табыс етті.

Игі шара отбасылардың материалдық салмағын жеңілдетіп қана қоймай, білімге қадам басқан өрендерге зор қуаныш сыйлады. Сыйлық алған ата-аналар ұйымдастырушылар мен жанашыр азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, балалардың болашағына сәттілік тіледі.
 
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: