ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП ШЫҚҚАН НҰРАСЫЛ КЕНЖЕБАЙҒА ҰМРА СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП ШЫҚҚАН НҰРАСЫЛ КЕНЖЕБАЙҒА ҰМРА СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
 
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің жанынан ашылған Қарилар курсы тағы бір шәкіртін ұшырып, қуанышқа бөленді. 2024 жылы басталған бұл ізгі жолда шәкіртіміз Нұрасыл Кенжебай ұлы кітапты толықтай жаттап қана қоймай, оны үздіксіз қайталап, білімін бекемдей отырып, жинақтау емтихандарын абыроймен тапсырып шықты. Жас қаридың зеректігі мен ынтасы әсіресе соңғы кезеңде айқын көрінді: ол әлі бетін ашпаған соңғы 20 параны күніне 10 беттен еңсеріп, таңғалдарлық қарқын танытты.

Көркем дауысымен, жүрек тербейтін мақамымен және мінсіз махражымен дараланған Нұрасыл биылғы қасиетті Рамазан айында үлкен сыннан өтті. Ол жаңадан жаттаған сол 20 парасын рамазан бойы тарауық намазында хатыммен оқып шығып, жамағаттың ықыласына бөленді.

Ерен еңбектің өтеуі де көп күттірген жоқ. Жұма күні жамағат алдында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры Бірлік Амангелді Құранды толық жаттап ақтаған Нұрасыл Кенжебайға Ұмра сапарына сертификат табыстады. Ардақты ақсақалдар мен қалың жамағат жас қариға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жаудырды.

Бұл жетістік – үлкен белестің бастауы ғана. Осы тамыз айында Нұрасыл  Кенжебай Алматы қаласындағы беделді «Хусамуддин әс-Сығанақи» ислам институтына ижаза алу үшін емтихан тапсырып, Құран ілімінің тереңіне бойлауды одан әрі жалғастырады. Ғаламдардың Раббысы нәсіп етіп, еліміз данышпан етіп тәрбиелеген мұратты қарилардың сапынан көрінуін тілейміз.

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: