#Шу: Абай тағылымы – рухани кемелдікке бастар жол

#Шу: Абай тағылымы – рухани кемелдікке бастар жол

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінің ұстазы Ерғазы Ақпанов «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде жұма намазы барысында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының тағылымы туралы уағыз айтты.

Уағыз барысында ұстаз Абай шығармаларындағы адам тәрбиесі мен рухани кемелдік мәселесіне тоқталып, ақынның «Толық адам» тұжырымдамасының мәнін түсіндірді. «Толық адам» ұғымы адамның тек білімді немесе дәулетті болуымен шектелмей, ең алдымен иманды, ақылды, әділетті, көркем мінезді әрі мейірімді болуы керектігін білдіретінін атап өтті.

Сондай-ақ ұстаз ұлы ағартушының қара сөздері мен шығармаларындағы адамгершілік, адалдық, білімге ұмтылу, еңбекқорлық және әділеттілік секілді құндылықтардың бүгінгі қоғам үшін де маңызы зор екенін жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: