#Шу: «Жәми» мешітінде дастархан жайылды

#Шу: «Жәми» мешітінде дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінде жамағаттың басын қосқан берекелі айлық дастархан жайылды. Басқосу барысында білім алудың маңызы мен оның мол сауабы жайында тағылымды уағыз айтылды.

Уағызды Ерғазы Ақпанов ұстаз жүргізіп, ілім үйренудің адам өміріндегі маңызына тоқталды. Ұстаз ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) білімнің қадірі жайында айтқан мына хадисін келтірді: «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз».

Кездесу барысында жамағат білім алуға, пайдалы ілім іздеуге және алған білімін ізгі амалға айналдыруға шақырылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: