Меркі ауданына қарасты барлық мешіт имамдары қолдарынан келгенше мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан дайын.
Тұрар Рысқұлов ауылының имамы Коктал Мадияр ауызашар мен сәрсіне ас болсын деп бір отбасыға ет үлестірсе, Тәтті ауылының имамы Көпбосынов Асхат көмек сұрап келген көп балалы анаға азық – түлік ұн, макарон өнімдерін жеткізіп берді, Қостоған ауылының имамы Омаралиев Қуанышбай бір мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасады. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жарты құрмамен болса да, (садақа беру арқылы) тозақ отынан сақтаныңдар» - деген.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі