"Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысына қарасты қала және аудан имамдарына арналған "Әлеуметтік желі жүргізу және мақала жазу әдісі" атты семинар өткізілді. Шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы кіріспе сөзімен ашты.

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл өңірінің қала, аудан бас имамдарының және наиб имамдарының жиналысы өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен өткен жиында жылдық жоспар пысықталды.
Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мұқтаж 1 отбасыға 2 бас зекет малын табыстады.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында "Алланың 99 көркем есімі" атты жарыс өтті. Сайыс 3 тур бойынша жүргізіліп, мешіт шәкірттері мен жамағат бақ сынады.
Шу қаласы "Төле би" мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйытқы болуымен әйел-қыздар секторы мешіт жамағатына "Мұсылман әйелдің 1 күні" атты семинар жасалды. Шараға арнайы "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова келіп қатысты.
"Төле би" мешітінің әйелдер жамағатына дастархан басындағы уағыз ұйымдастырылды. Мешіт ұстазы Насихат Доғдырбайқызы көпшілікке "Мүміннің мұраты - көркем мінез" тақырыбында уағыз айтты.