Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы мен "Әжелер алқасы" ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Жамағатқа арнайы қазақтың домбыра аспабы мен қол өнер бұйымдарын, құрақ көрпелерін көрсетті.
Аталған бұйымдардың шығу тегі мен тәрбиелік мәнін түсіндіріп, жеке-жеке тоқталып, толық ақпарат беріп өтті. Қарапайым бұйымның өзінде рухани құндылықтардың дәріптелгенін естіген жамағат таңданыстарын жасырмады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі