МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Тілеш қажы» мешіті Ережеп айы құрметіне көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен қайырымдылық жасады. Мешіт қызметкерлері азық-түлік салынған дорбаларды екі жанұяға табыс етті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Көктал ауылдық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұмада насихат айтты. Насихат барысында Қанат Әділханұлы: «Алла Тағала қасиетті Құранның «Бәйина» сүресі, 5-аятында: «Асылы, олар тек қана хақ діннен ауытқымай, Аллаға шын ықыласта болып, Оған құлшылық етуге, намаз өтеуге, зекет беруге бұйырылған. Нағыз тура дін міне – осы», – деп айтқан.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Күндердің сұлтаны – жұма күні Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Қызыл жұлдыз» ауылдық «Бейшен» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен Ержеп айының құрметіне жалғызбасты көпбалалы 4 отбасыға қаражаттай және азық-түліктей көмектер берілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірге қарасты қала және аудандардың бас имамдарына жеке қабылдау өткізді. Бас имам әр ауданның діни хал-ахуалына қатысты мәселелерді талқылап, жай-күйіне қатысты шешімдер ұсынды.