ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы бастаған аудан имамдары мен мешіт қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тектілік – асыл қасиетіміз» тақырыбындағы республикалық конференцияға онлайн қатысты. Бұл шара қазақ халқының рухани мұрасына, мәдениетіне және дініне деген құрметін арттыру мақсатында өткізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін, жұма намазына жиналған жамағат алдында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Құран Кәрімді толығымен жаттап бітірген мешіт шәкірті Жақсылық Нұрсұлтанға «Умра» сапарына жолдама табыстады.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен аудандар арасында кіші футболдан турнир өткізілді. Кәсіби стадионында өткен доп додасына аудан имамдары мен дін қызметкерлерінен құралған бірнеше команда қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы өкілдігі имамдарының «Жылдық есеп – 2024» жиналысы өтті. Облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының төрағалығымен өткен жиналысқа ауданның бас имамдары мен дін қызметкерлері, мешіт, медресе ұстаздары қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қордай ауданы, Масаншы ауылы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының жаңа директоры тағайындалды. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының жаңа директоры Саламат Салимұлын көпшілікке таныстырып, Бас мүфти бұйрығын баяндады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында форум өткізілді. Форумға Жамбыл облысының бас прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы, облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, спортшылар Бейбіт Ыстыбаев, Асланбек Шымбергенов, бапкер  Ғалымжан Жылгелдиев пен жергілікті жастар қатысты. Форум барысында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге, спортқа баулу, жас өспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, әлімжеттікпен күрес мәселелері қозғалды.