ҚМДБ-ның діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы мен Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Құран Кәрімді толығымен жаттап бітірген Еркінұлы Бексұлтанды арнайы сертификатпен марапаттап, Ұмра қажылығына жолдама табыстады.
«Құран оқудың, жаттаудың артықшылығы өте көп. «Құранның мысалы аузы жабылған хош иіссудың құтысы секілді. Егер оны ашсаң, жұпар иісі аңқиды. Егер оны ашпасаң, жұпар иісі пайдаланылмай тұрады. (Міне, бұл өзің оқыған) Құранның және (оқылмай) көкірегіңде қалған Құранның мысалы», – деген Хасан Ташайұлы жұма намазына жиналған жамағатқа Құран жаттаудың артықшылықтары мен пайдасын түсіндіріп, жас қариға батасын берді.
Облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы жас қаридың ұстазы Бірлік Аманкелдіұлына алғысын білдіріп, оның қажырлы еңбегін жоғары бағалады.