ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 44-МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 44-МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 44-мәжілісі басталды.

Кеңес жұмысын ашқан ҚМДБ Төрағасы: «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде қоғамға пайдалы, өзекті пәтуалар жарияланды. Тиісті концептуалды құжаттар қабылданды.  Өздеріңізге белгілі, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында бірнеше Республикалық, халықаралық шаралар, конференциялар, семинарлар өткіздік. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр» кітабының ІІІ томы және бірнеше уақыттан бері қолға алған ғылыми жобамыз «Ислам энциклопедиясы» кітабының І томының тұсауын кестік.

Расында да бұл кітаптардың қоғам үшін пайдасы мол. Аталған кітаптарға сіздер де үлкен үлес қостыңыздар. Көп еңбек жасадыңыздар. Осы орайда атсалысқан баршаңызға Алла разы болсын дегім келеді» деді.

Айта кетейік, бүгін мәжілісте «Кибербуллингтің шариғаттағы үкімі», «Квадробердің шариғаттағы үкімі», «Дің жасушалары донорлығының үкімі», «Денеге нақыш (татуировка) салудың үкімі» және «Жол жүру ережесін сақтаудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқылануда. Қабылданған пәтуалардың мәтіні мүфтияттың ресми ақпарат құралдарында жарияланады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: