- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 854
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ 82 МЕШІТ АШЫЛДЫ
ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаевтың айтуынша, 2024 жылы елімізде 82 жаңа мешіт халық игілігіне пайдалануға берілді.
ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаевтың айтуынша, 2024 жылы елімізде 82 жаңа мешіт халық игілігіне пайдалануға берілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылы 9 елге ресми 11 сапармен барып, 59 халықаралық іс-шараға қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі 447 кәсіпорынды жаңадан сертификаттаудан өткізді.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары жыл басынан бері еліміз бойынша 201 073 сұраққа жауап берді.
2023-2024 оқу жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу орындарын 724 түлек бітірді. Оның 166-сы Нұр-Мүбарак университеті мен 469-ы Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді, 67-сі Қарилар дайындау орталықтарын тәмамдады.
2024 жылы еліміздің мешіттерінде 702 087 уағыз-насихат айтылды.