- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 777
БАС ИМАМ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісінде Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы 2024 жылдың қорытынды есебін баяндады.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісінде Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы 2024 жылдың қорытынды есебін баяндады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі өткен болатын. Жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысы «Бес бағыт үздігі» және «Үздік діни сайт» номинациялары бойынша үздік деп танылып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқанына байланысты Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Задеге көңіл айту жеделхатын жолдады.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтіп жатқан Төралқа мәжілісінде облыс бас имамдары 2024 жылдың қорытынды есебін баяндауда.
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен 2024 жылды қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісі басталды.