Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету (UNRWA) жөніндегі агенттігі Газа секторындағы ауыр жағдай туралы дабыл қағуда. Агент басшысы Филипп Лазаринидің мәлімдемесіне сәйкес, қыстың қақаған суығы мен гуманитарлық жүктердің тапшылығынан Газада балалар қаза тауып жатыр.
«Бізге шұғыл түрде атысты тоқтату және қысқы қажетті тауарлардың, соны ішінде гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз ету керек», – деп мәлімдеді Лазарини. Оның айтуынша, гуманитарлық жүктің, әсіресе көрпелер мен матрастардың жеткізілуі бірнеше ай бойы тоқтап тұр.
Норвегияның босқындар кеңесі (NRC) де осыған ұқсас мәліметтерді жариялады. Ұйымның хабарлауынша, Газа секторындағы миллионға жуық палестиналық қыс мезгілін панасыз қарсы алған. NRC деректеріне сүйенсек, қараша айының соңына қарай босқын атанған 285 мың палестиналық қана тұрғын үй құрылысына қажетті материалдармен қамтамасыз етілген, ал 945 мыңнан астамы әлі күнге дейін көмекке зәру.
Бұл жағдай палестиналық босқындардың өмір сүру жағдайын одан әрі ушықтырып, халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекетке шақыруда. Газадағы ауыр ахуал – бүкіл әлем назарын аударуға тұрарлық қайғылы жайт.