Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасы басталды.
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасы басталды.
«Jazera travel» компаниясының басшысы Ырыскелді Мейіржан Бауырұлы еліміздің бірнеше аймағынан жүзден аса азаматты ұмраға алып барамын деп ақша жинап, уәдесін орындай алмаған. Мейіржан Бауырұлы ешқандай діни қызмет атқармаған және мешітте наиб имам болып жұмыс істемейді.
Алматы қаласындағы Алатау ауданының дін қызметкерлері және мешітке келуші оқырмандар мен шәкірттер Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіндегі Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапханаға экскурсия жасады.
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездесті.
Марокко билігі шариғат заңдарын реформалады, оның ішінде әйелдердің отбасы мен жұмысындағы құқықтарын белгіледі. IslamNews сайтының хабарлауынша, өзгерістер король VI Мұхаммедтің жарлығымен енгізілген. Олардың мақсаты – заманауи әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес әйелдердің құқықтарын нығайту және отбасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
Сауд Арабиясында бұрын-соңды болмаған нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды Anadolu. Бірнеше қалада көшелерді су басты. Сейсенбі күні Ұлттық метеорология орталығы елдің әртүрлі аймақтары үшін әртүрлі деңгейдегі қауіп төну мүмкіндігі туралы ескерту жасады.