Сауд Арабиясында бұрын-соңды болмаған нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды Anadolu. Бірнеше қалада көшелерді су басты. Сейсенбі күні Ұлттық метеорология орталығы елдің әртүрлі аймақтары үшін әртүрлі деңгейдегі қауіп төну мүмкіндігі туралы ескерту жасады.
Мекке мен Медина ең жоғары қызыл дабыл деңгейіне қойылды. Ел астанасы Эр-Рияд, сондай-ақ оңтүстік-батыс Асир және Джазан провинциялары сарғыш деңгейде. «Қызыл Жарты Айдың» құтқарушылары мен дәрігерлері табиғи шаралардың шарпыған тұсында адамдарға көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.
Азаматтық қорғаныс жаңбыр суы жиналатын ойпат жерлерге бармауға шақырды. Әлеуметтік желіде тарап жатқан суреттер мен бейнематериалдарда көшелермен ағып жатқан су ағындары көліктерді қиратып, ғимараттардың бірінші қабаттарын басып жатқанын көрсетеді.