- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 5798
ҚМДБ ЕСЕБІ: Сан мен сапа
«Нұр» Қазақ-Египет университетіне 210 шәкірт қабылданды. 48 түлек диплом алды
«Нұр» Қазақ-Египет университетіне 210 шәкірт қабылданды. 48 түлек диплом алды
Мекке қаласының әкімшілігі кіші қажылығын (ұмра) өтегісі келетіндерге Үлкен мешітте жағдай жасау үшін барлық мүмкіндікті қарастыруда.
Қасиетті қалада қажыларға көрсетілетін қызметтің сапасы артқанын да тілге тиек етті қала әкімі Усама әл-Бар.
Негізгі күш-жігер қажылардың қоналқаға түсетін орындарының тазалығын сақтауға жұмсалғанын қуана хабарлаймыз. Мекке шаһарынан шығарылған қоқыстың көзі бірден жойылады. Залалсыздандыру әрі зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Дүкендер мен базарларда азық-түліктің бүлінбегені қадағаланады. Мал дәрігерлері саудаға шығарылған еттің сапасын жиі тексеретін болады.
Ирак премьері Нури әл-Мәлики дүйім жұртты дүрліктіріп, «бүйректен сирақ шығарды». Адам ақылына сыймас әрекет жасағандарды қазекем осылай атайды. Шииттердің шаһары Кербеленің мәртебесін көтеру үшін осындай қадамға барған оның ойына не келгенін кім білсін?! Қалай десек те, бұйрық шығарылды: Ирак мұсылмандары намазын сүннитердің қаласы Меккеге емес, Кербеле қаласына қарап оқуы тиіс.
Қажылық маусымы кезінде жыл сайын жүздеген адам табан астында тапталып, жан тапсырып жатады.
Осы кемшілікті болдырмау үшін ендігі жерде арнайы әзірленген компьютер жүйесі қажылардың тығыз шоғырланған жерін қадағалайтын болады. Бағдарлама адам көп жиналған жерді олардың денесінен бөлінген жылу арқылы автоматты түрде анықтап, қатерлі сәттің бетін қайтару үшін бірден дабыл қағады.
Бұл жаңалықтың авторы – Меккеден шыққан ғалым мен оның Ұлыбританияның Ноттингем-Трент университетіндегі әріптестері.
Уақыт өте келе аталмыш жүйе автоматты түрде өте қауіпті орындарды өзі анықтап, көшіріп алатын болады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ақпараттық-насихат тобы (АНТ) 2013 жылды қорытындылап, келер жылдың жұмыс жоспарын бекітті.
Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы АНТ мүшелерін қабылдап, насихат көкжиегін кеңейтудің мәні мен маңызын сөз етті. «Сіздер дін саласының білікті маманы, білімді ғалымдары саналасыздар. Сіздерді аттай қалап, АНТ-ға мүше етіп тағайындадық. 2013 жылы жақсы жұмыс жасадыңыздар. Алайда атқаратын ауқымды іс-шаралар аз емес. Елдің ынтымағы мен бірлігіне, мұсылмандардың діни сауатын ашу жолында талмай қызмет етіңіздер», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облысымыздың Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде ауданның экономикасы мен рухани дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбектері еленіп, марапаттау іс-шарасы болып өтті.