Бас Мүфти Орталық мешіттің «Рамазан шатырында» қонақ болды (ФОТО)

Бас Мүфти Орталық мешіттің «Рамазан шатырында» қонақ болды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Орталық мешіт жанындағы ауызашар дастарханына келіп, жамағатпен ауыз ашып, дастархан басында Рамазанның қадір-қасиеті жайлы сөз етті.

Берекелі дастархан басында Бас мүфтиіміз мұсылмандарды Алла Тағала берген нығметті бағалай білуге, әрі шүкіршілік етуші бола білуге ​​шақырды.Оған, мысал ретінде Ержан қажы Малғажыұлы алғашқы мұслымандардың өмір жолын келтіріп өтті.

Сонымен қатар, Бас мүфти Рамазан айының мұқтаж жандарға жәрдем берілуі тиіс рақымдылық айы екендігін де еске салды. Ауызашар дастарханы аяқталған соң, Қасым ұстаз өзінің кезектегі сұрақ-жауап ойынын жүргізді. Осыдан соң Бас Муфти бастаған жамағат құптан мен тарауық намазын оқуға кетті.

Айта кетерлігі «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарханы күн сайын, яғни Ораза айының әр күні Орталық мешіт қонақтары мен жамағатына жайылады. Дастархан басында Исламға қатысты сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестіріледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: