Дубай әмірлігінің Дін істері және қайырымдылық шаралары департаменті көк тіреген зәулім үйлерде тұратындарға арнап жаңа пәтуа шығарды. Пәтуа негізінде бұлтпен таласқан биік ғимараттың тұрғындары ауызашар уақытын бірнеше минутқа кешіктіруі тиіс.
«Бурдж аль-Халифа» деп аталатын елдегі ең биік ғимарат уақыт өлшемдері тұрғысынан үш бөлікке бөлінетін көрінеді. Қабат биіктеген сайын, ауызашар уақыты да алыстай түспек. Департамент басшысы, мүфти Ахмад Абдельазиз әл-Хаддадтың айтуынша, 80-ші мен 150-ші қабат аралығындағылар үшін ауызашар уақыты 2 минутқа кешіктіріліетін болса, 150-ші қабаттан жоғары тұратындардың оразасы 3 минутқа артық болмақ.
Департамент басшысы бұл ұстанымдарын күн батқанымен ғимараттың жоғары қабатындағылардың күн шапағын әлі де болса көре алатындықтарымен байланыстырады. Сондықтан олар ауыздарын ашу үшін күн ұясына батқанын күтуі шарт.
muslim.kz