Бас мүфти Астана күнімен құттықтады

Бас мүфти Астана күнімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана күні қарсаңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Бас мүфти: "Құдайға шүкір, еліміз тұрақты даму үстінде. Сайын даланы мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Осының бәрі халқымызға берген Алланың сыйы, өлшеусіз рақымы. Халқымыз Тәуелсіздікті тойлап, оны мәңгілік етуді ойлап жүрген жоралы жұрт екенін әлем мойындады. Ендеше, Елбасы айтқандай, баршамыз Тәуелсіздігімізді сәт сайын қорғауымыз қажет. Бейбіт заманды басты байлығы санаған сүйікті Отанымыз әлемге бітімгер, арағайын, ымырашыл іргелі ел ретінде танылды. Дін қайраткерлерінің басын қосып, барша халықты діни татулық пен тұрақтылыққа үндеген еңселі Елордамыз – Астана рухани келісімнің ордасы екенін еліміздің әрбір азаматы мақтанышпен айтады. Бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай, тату өмір сүріп келе жатқан 100-ден астам ұлт өкілдері Қазақстанның қарыштап дамуына үлкен үлес қосуда. Достық пен ынтымақтың орталығы саналған Астана ұлтаралық қарым-қатынас бағытында көш бастап келеді" деп сөз сабақтаған Бас мүфти елді мерекемен құттықтай отырып, ақ тілегін былай жеткізеді:

"Алла тағала Рамазан айында жасаған дұғаларымыз бен құлшылықтарымызды қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Иманымыз кәміл, бірлігіміз бекем болғай!" 

Осы орайда Біздің ұжым да еліміздің тұғыры биік, іргесі берік болуына тілектестік білдіріп, барша халықтың жүрегі нұрға, жаны шуаққа, өмірлері берекеге толы болсын айтады. Әманда Алла қазақ жұртын назарынан тастамағай...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: