Бұдан былай шетелге діни оқуға баратындар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы рұқсат қағаз алуы шарт. Ел азаматтары қажетті құжатты алған жағдайда ғана жіберіледі. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Мысырға жасаған сапарында осындай келісім-шартқа қол қойылды.
Ержан қажы Маямеров Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибраһиммен кездесуінде дін мамандарының білімі мен біліктілігі туралы ұсыныс-пікірімен бөлісті. Екіжақты кездесуде дін қайраткерлері өзара келісім мен ынтымақтастық туралы келісім-шарт құжатына қол қойды. Аталған құжатта отандастарымыз тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы рұқсат қағаз алған жағдайда ғана Мысырда діни ілім алуына мүмкіндік берілетіні айқын көрсетілген.