НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Сәлемдесу — ислам дініндегі ең көркем әдептердің бірі ғана емес, адамдар арасындағы сыйластық пен бауырмалдықты нығайтатын игі амал. Халқымыз амандасу мәдениетіне ерекше мән беріп, «Сәлем – сөздің анасы» деп тегін айтпаған. Бұл — жай ғана сөз алмасу емес, адамның ішкі мәдениетін, тәрбиесін, кішіпейілдігі мен өзгеге деген шынайы құрметін көрсететін айна.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Дін – тек қана құлшылық жасау емес. Дін дегеніміз – тағылым мен тәрбиенің ордасы. Ұрпақ тәрбиелі болса, ізгілікке деген қадамы көп болады. Жаны ізгі адамдар имандылықтан алыс кетпейді. Имам тәжірибелі болса, тәрбие тұрғысынан айтары мол болады. Сол тәрбиенің бірі – бойымызға қажетті құндылықтарға мән беру. Соның бірі – обал. Шариғат баршаны ізгілікке тәрбиелейді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адам баласы өмірге келген соң бір күні дүниеден өтетіні анық. Өлім әр адамның басынан өтетіні ақиқат. Көпшілік өлім туралы ойлаудан қашқанымен, оны еске алу адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, рухани тұрғыдан дамуына себеп бола алады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ислам дінінде сабырдың орны ерекше. Сабыр — қиындыққа үнсіз ғана төзу емес, Алланың тағдырына разы болып, Оның рақымынан үміт үзбей, дұрыс жолдан таймай өмір сүру. Адам баласының бұл дүниедегі өмірі түрлі сынақтардан тұрады. Бірде қуаныш, бірде қайғы, бірде молшылық, бірде таршылық келеді. Осындай сәттердің барлығында мұсылманға қажет ең үлкен қасиеттердің бірі — сабыр.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адам баласының өмірінде қуаныш та, қиындық та, молшылық та, таршылық та қатар кездеседі. Бір күні көңіліміз көтеріліп, дүниеміз кеңейсе, енді бір күні сынаққа тап болып, жүрегіміз қысылуы мүмкін. Осындай құбылмалы өмірде адамға күш беретін, жүрегін тыныштандыратын, бар нәрсенің қадірін түсіндіретін ұлы қасиеттердің бірі – шүкіршілік. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ислам діні адалдықты адамның ең асыл қасиеттерінің бірі ретінде дәріптейді. Адалдық – мұсылманның мінезінің айнасы, иманының көрінісі және қоғам берекесінің кепілі. Қай салада болсын, адалдық салтанат құрған жерде сенім орнығады, әділет үстем болады, береке артады. Ал өтірік, жалғандық және қиянат жайлаған жерде сенім жоғалып, қоғамның іргесі сөгіле бастайды.