НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адам баласының тілі — үлкен нығмет. Бір ауыз сөзбен адамды қуантамыз, көңілін көтереміз, татуластырамыз. Бірақ сол тіл арқылы біреудің абыройын төгіп, жүрегін жаралап, өзіміздің де ақыретімізге зиян келтіруіміз мүмкін. Сондықтан Ислам дінінде тілге ие болуға ерекше мән берілген. Сол тілдің үлкен күнәларының бірі — ғайбат.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Дәрет — ислам дініндегі ғибадаттардың алтын кілті. Намаз оқу, Құранды қолмен ұстау секілді ұлық құлшылықтардың алдында тән мен жанды тазарту — әрбір мұсылманның міндеті. Алайда, күнделікті өмірде «Дәретім бұзылды ма?», «Қайта дәрет алуым керек пе?» деген сауалдардың жиі кездесетіні жасырын емес. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Қазақ халқының рухани дүниетанымы мен ұлттық болмысында ислам дінінің өзіндік орны бар. Ғасырлар бойы ислам құндылықтары халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-санасы және тәлім-тәрбиесімен сабақтасып, ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Дін мен дәстүрдің өзара үйлесуі қазақ қоғамындағы адамгершілік қағидалардың қалыптасуына да ықпал етті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адамзат баласы жаралғалы бері жан дүниесінің тыныштығын, өмірдің мәні мен ақиқатын іздеумен келеді. Осы бір рухани ізденіс жолында ислам діні адамды тәрбиелеудің терең де нәзік қағидаларын ұсынады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Уақып – ұрпаққа қалдырылған сауапты аманат! Қайырымдылық – адамзат баласын ізгілікке, мейірімділікке және өзара жанашырлыққа үндейтін асыл қасиет. Адамның өзгеге жасаған жақсылығы оның дүниеден өткеннен кейін де жалғасып, сауабы үзілмей жетіп тұратын болса, бұл – ең үлкен рухани олжалардың бірі. Ислам дініндегі осындай игілікті істердің бірі – уақып.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

   Кез келген халықтың ұлттық болмысы мен мәдениеті оның ғасырлар бойы ұстанған дінімен және тұрмыс-салт дәстүрімен тығыз байланысты. Қазақ даласында ислам діні кездейсоқ құбылыс емес, халықтың сан ғасырлық өмір сүру салтымен етене араласып, біртұтас рухани жүйеге айналды. Дін — адамның ішкі сенімі мен рухани темірқазығы болса, дәстүр — соның сыртқы мәдени көрінісі, ұлттың өмір сүру тәсілі.