- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 920
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА
Қай кезеңде немесе қай халықта болмасын ұлттық құндылықтардың халық өмірінде алатын орны ерекше. Өйткені халқымыздың атақты ақыны Мағжан Жұмабаев: «Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң, сол қалпы өсе береді», – деп, тәрбие берілетін балалық шақтың маңыздылығын көрсеткен. Расымен де балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады. Бесікте жатқан балаға бесік жыры, өсе келе үйретілетін батырлар жыры және баланың өміріндегі жүзеге асырылған басқа да салт-жоралар адам өмірінде тұлға болып қалыптасу үшін ең қажетті элементтер. Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ балалық шақтан бастап, ұлттық құндылықтарға сүйене отырып тәрбие алуы шарт.


24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448
