Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ елін мұсылман қауымның ұлық мерекесі Ораза айтпен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ елін мұсылман қауымның ұлық мерекесі Ораза айтпен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қадірлі жамағат, ардақты ағайын!
Баршаңызды мұсылман үмбетінің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің мерейімізді үстем етсін!
Ислам дінінде мұсылман қауымы үшін ерекше мәнге ие екі үлкен мереке бар. Оның бірі – Ораза айт болса, екіншісі – Құрбан айт. «Айт» сөзі араб тілінен аударғанда «мейрам», «қуаныш» деген мағынаны білдіреді. Ораза айт – қасиетті Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын шәууал айының бірінші күні атап өтілетін ұлық мереке.
Барша мұсылман жұртшылығы асыға күтетін Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталды. Наурыз айының он тоғызыншы жұлдызында аяқталатын қасиетті отыз күндікте имамдардың қоғамдағы рөлі айрықша маңызға ие болады.
Рамазан – мұсылман үмбеті үшін ең қасиетті айлардың бірі. Бұл ай – адамның нәпсісін тәрбиелеп, рухани тазаруына, сабырмен тақуалыққа жетуіне мүмкіндік беретін ерекше уақыт.