НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Намаз – Алла тағалаға жасайтын құлшылықтардың негізі. Намаз оқу арқылы пенде Жаратушының алдындағы негізгі парызын өтей отырып, өзінің екі дүниедегі қажеттіліктеріне қол жеткізеді.

Намаз – сондай-ақ, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі толысқан әрбір мұсылманға парыз.  Күнделікті бес уақыт намаз оқу арқылы біздер Алла тағаладан күнәларымыз үшін дұға етіп, кешірім сұраймыз, тілектер тілейміз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адамзат баласының ықылым замандардан бергі сан тараулы тарихында дінсіз қоғам болмаған. Адам баласы жаратылғалы бері Жаратушының тарапынан адамдарға нақтылы жол көрсету, белгілі бір бағыт-бағдар сілтеу бойынша жөн-жоба, ұстаным ретінде ауық-ауық діндер түсіп, оларды жеткізу үшін Елшілер, Пайғамбарлар жіберіліп отырды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Түркі әлемінің пірі - Қожа Ахметтің ұстазы әрі екі дүние сардары ақыр заман пайғамбары Мұхаммед /с.ғ.с/ ның өсиетін жеткізуші , бабтардың бабы Арыстанбабтың кесенесі киелі Түркістаннан алыс емес. Әзіреті сұлтан ұстазын ардақтап пір тұтып: - «Арыстанбабқа түне-менен тіле» деп өсиет қалдырғаны жайлы аңыз бар. Осы Арыстанбаб кесенесінде шырақшы болған, Әзірет Сұлтанның мөрін сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізген Жаңыл апа жайлы сырды көпшілік біле бермейді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Уақыт. Қандай да бір нәрсенің болмасын,  белгілі бір уақытпен санасып, нақтылы бір өлшемдермен белгіленетіні белгілі. Адам баласының, күллі жаратылыстың азды-көпті ғұмырлары уақыт деген ұғыммен тығыз байланысты.

Уақыт – емші. Адамзаттың мейлі ол ашу-ыза, өкпе-наз болсын, мейлі жүрек жарылардай қуанышты сәттері болсын, уақыт өте келе бәсеңдей түсетіндігі анық. «Уақыт – барлығын өз орнына қояды» деген сол.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бірде Хасан Басриге бір әйел келіп сұрады: “О, имам! Дін тазалығы дегеніміз не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы дегеніміз не?”. Хасан Басри былай деді: “Осыны өзіңіз айтып көріңізші, біз тыңдап көрелік!”. Сонда әйел айтты: “Діннің тазалығы дәрет алуда жатыр. Діннің мәні – Аллаһтан қорқу және Оның алдында ұялу. Ал діннің күші – намаз. Сондай-ақ, Ұлылық иесі Раббым Аллаһ ұялшақ құлын жақсы көреді. Діннің қазынасы – білім. Кім дәрет алуды елемесе, оның иманының таза болмағаны. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ. Кім Раббым Аллаһтан қорықпаса, оның иманының мәні болмайды. Кім білім таппаса – ол діннің қазынасына жолыға алмайды”. Хасан Басри әйелдің айтқандарының бәрін мақұлдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жаратылған махлұқтардың ішінде Аллаһ Тағаланың шексіз рақымдылығынан нәсіп алу тек адамзатқа ғана берілген. Мұнымен қоса Аллаһ Тағала адам баласына сынақ ретінде пасықтық пен игі қасиеттерді қоса берген, әрі оны жақсылыққа да, жамандыққа да қолайлы жағдайда қылған.

Ал енді діннің негізгі мақсаты осындай кереғар көріністерге ие болған адамның бойындағы нәпсі құмарлықтарды жоқ етіп, азайту, жақсы қасиеттерді шыңына жеткізіп қалыптастыру. Алайда мұндай мақсатты іске асыру үшін адамға жеке бір тұлға, яғни «жақсы үлгі» болатын біреу қажет. Осы орайда Пайғамбарлардың жіберілуі, олардың адамдарға жол көрсетулері кәміл үлгі болудың көрінісі еді.