НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің,ділдегі таным-ұғымдарының,әдетке айналған салт жораларының басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген.Өйткені қазаққа Ислам ерте ғасырдан-ақ ұлттық құндылықтарына айналған.Қазақ дәстүрінің бастауы да,діліде дінгегі де Ислам екендігі шүбәсіз.Оған қазіргі уақытта ұмытылғаны бар,есте бары бар күнделікті әдет ғұрыпқа айналған салт-дәстүрімізді көбісі мысал бола алады...Кейде ата дәстүр деп күнделікті тұрмыс тіршілігімізде атқарып жүрген ісімізді түбіріне барып пайымдай бермейміз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Үстіміздегі жылғы шағбан ай мамырдың 30-күні басталады. Ол - қасиетті үш айдың бірегейі. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алла Тағаланың  сүйікті құлдарын әрдайым түрлі сынақ-емтихандардан өткізіп, тартқан жазмышына сай ризықтарын тарту ететіні талассыз ақиқат. Осы себептен де барлық пайғамбарлар мен елшілер  қиындығы  мол тағдырға мойынсұна білген. Ардақты елші (с.ғ.с.) және оның соңынан ерген қауым азапты күндерді басынан кешіріп, өмірлеріне сын түскен сәтте, Ұлы Жаратушы сүйікті Елшісін (с.ғ.с.) ұшпаққа (Миғраж) шығарумен зор қуаныш сыйлаған болатын.«Исра және Миғраж» – Ислам тарихындағы ең қиын, ауыр кезеңде болған оқиға. Бұл кезде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) басшылығындағы аз санды мұсылмандар мүшріктердiң зорлық-зобалаңынан, Алла жолынан мұсылмандарды қайтару үшiн жасаған әрекеттерiнен әбден қиналған едi.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ережеп – Құран Кәрімде қасиетті деп аталған төрт айдың бірі. Ережеп айымен Ислам тарихында тағы бір елеулі оқиға байланысты. Ол – исра мен миғраж. Миғраж оқиғасы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінің ең ауыр кезеңінде болды. Сол шақта әке орнын басқан көкесі Әбу Тәліптен, қиын-қыстау шақтарда медеу болған сүйген жары Хадишадан (р.а.) айырылған еді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ертең, 30 – сәуір күні мүбәррак саналған үш айдың алғашқысы Режеп айы басталады. «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» барша мұсылман әлемінде қасиетті айларға жатады. Бұл қасиетті күндер мен түндерді біздің тәубе-истиғфар жасауымызға зор мүмкіндік беретін сәттер. Мұсылмандардың күнәларынан арылып, жақсылық пен әсемдікке шынайы және тікелей жол тартуына зор мүмкіндік. Адам ешбір дәнекерсіз өз жан-дүниесімен Ұлы Жаратушыға жалбарынып, Алланы еске алып, тәубе-истиғфар ететін кез.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ислам дінінде адам баласының денсаулығына зиян тигізетін, өмірге, айналаға, ортаға қауіп төндіретін нәрселерді пайдалану - харам болып саналады.

Құран Кәрімнің «Маида» сүресінің 90-91-ші аяттарында: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашу, бәсекелесу - шайтанның арбауынан болатын дүниелер. Бақытты болам десеңдер бұлардан аулақ болыңдар. Шайтан сіздердің араларыңызды жауластыру, өзара өштестіру үшін арақ пен құмар ойындарын қолданады. Осы арқылы намаз оқуларыңа бөгет жасап, тәңірлеріңді естеріңнен шығаруға тырысады. Құмар ойнау мен арақтан сонда да безбейсіңдер ме...», - делінген. Бұл жерде біздерге Аллаһ тағала құмар ойнау мен адамның ақыл-ойын тұмандататын есірткі, ішімдіктерді пайдалануға тиым салып, олардың харамдығын және шайтанның лас істерінен екенін ашық айтып, нақты ескертіп отыр.