НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мәзһаб – жүретін жол, бағыт дегенді білдіреді. Мәзһаб сөзі бастапқыда Ислам ғұламалары арасында бір ғалымның белгілі бір мәселе тұрғысында ұстанымы деген мәнде қолданылып келді. Мәселен, Ибраһим ән-Нахаидің мәзһабы, Шағбидің мәзһабы, Хасан Басридің мәзһабы, Суфян Сәуридің мәзһабы деген сияқты. Бұл жерде «мәзһаб» сөзі ұстаным, пікір, бағыт деген мәнді береді. Кейін келе «мәзһаб» сөзі үлкен құқықтық мектептердің жалпы атауына айналды. Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мәзһабы дегенде жеке адамдардың пікірі емес, көптеген ғалымдардан құралған үлкен құқықтық мектептің бағыты меңзеледі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Исламның Жаратушы тарапынан жан-жақты қорғалғанын көру қиын емес. Осы орайда Алла тағаланың: «Күдіксіз бұл ескертушіні (Құранды) Біз түсірдік, әрі оны Біз ғана қорғаймыз» («Хижр» сүресі, 9-аят),- дегені ойға оралады. Бұл аятта тек Құранның ғана қорғалуы сөз болғанымен, шешендік іліміндегі «Зикруль-жуз-и уә ирадәтуль-Кулли» яғни, «Заттың бір бөлігі айтылғанымен, оның тұтастай меңзелуі» деген араб тілінің қағидасына салар болсақ, сол қасиетті кітаптар арқылы тұтас Ислам деп түсінеріміз хақ. Яғни, Құранның қорғалуы - Исламның қорғалуы деген сөз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құранның кейбір аяттарында «Алланың көз алдында», «Алланың қолы олардың қолдарының үстінде» деген секілді тіркестер бар. Сондай-ақ, «Адам ұрпақтарының жүректерінің бәрі Алланың екі саусағының арасында тұрады...» деген хадистерді де кездестіреміз. Көз, қол, саусақ секілді белгілі бір ағзаны бейнелейтін сөздерді қалай түсінген жөн? Соңғы кездері бұл тақырып мұсылмандар арасында қызу тартысқа себеп болуда. Тартыстың аяғы әртүрлі түсінбеушілік пен бөлінушілікке соқтырып жатады. Осының ара-жігін ажыратып берсеңіз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тәуәссулдің сөздік мағынасы «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін қандай да бір себеп, құрал қолдану» дегенді білдіреді. Мысалы, бір жерге бару үшін көлік қолдану да тәуәссулге жатады. Ал шариғатта тәуассул деп: «Дұғаның қабыл болуы үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) немесе басқа бір аса тақуа адамның құрметін себепкер етуге айтылады. Мысалы, «Уа, Алла Тағалам, соңғы пайғамбар әрі сенің сүйікті құлың Мұхаммедтің (с.а.у.) құрметіне менің мына дұға-мінәжаттарымды қабыл ала гөр» деп тілек тілеу секілді. Шариғатта тәуассулдің басқа да түрлері бар. Оны төменде арнайы түсіндіреміз.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адамның табиғаты жаратылысынан мәңгілікке құштар. Әу бастан пенде солай жаратылған. Ішкі дауысы ылғи да Мәңгілікті күбірлеп тұрады. Өзін өмір бақи өлмейтіндей көреді. Осыдан-ақ мәңгілік өмірдің бар екендігінің ақиқаттығы айқындала түседі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тарихта адами болмысына рухани кемелдігі жарасып, тән сұлулығын жан сұлулығымен ажарландыра түскен тұлғалар некен-саяқ. Сондай ғажап тұлғаның бірі әрі бірегейі – Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болғаны белгілі. Аллаһ тағаланың ерекше сүйіп жаратқан пендесінің қай қырына көз салсаңыз да, таңғы шықтай мөлдірлігі мен періштедей пәктігіне куә боласыз. Көркемдігіне көз тойдырып, көңіліңіз тебіренеді. Кір шалмаған жан айнасына үңілгенде, ақыл-парасатына жығылып, Пайғамбарлығын мойындай түсесіз. Бойдағы қасиеттерінің әрбірі әлемге ұстаз ретінде келген жанның үлкен өнеге, мол тәрбие егесі екенін аңдатуда.