НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Адамның санаулы ғана ғұмырында көптеп кездесетін, алдыңды жиі орап, сананы еліктіріп өзіне тартатын нәрсенің бірі – құмар ойындары десек қателеспейміз. Адам баласының көп жағдайларда құмар ойындарына құмарта отырып, өзінің күнәлі істерге жол беріп алатынын ескере бермейтіндігі өкінішті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзікжандыларға тиесілі бағдарламалар мен мақалалар, жиындар мен отырыстар күрт көбеюі табиғи мәселе.

Әу баста 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп аталудың түрлі себеп пен саяси мақсат болғаны анық. Дегенмен, бұл күн бірте-бірте әр түрлі ұлттардың мәдениетімен араласып, мәдени және қоғамдық құбылыс ретінде қабылданып кетті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету - адам баласына Алла Тағаланың жүктеген міндеттерінің бірі. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен тер төкпестен,  алдап-арбау, түрлі қулық-сұмдық жолдармен тапқан дүниенің хайырлы болмасы белгілі.

Шын мәнінде, кімде-кім бала-шағасын, отбасын адал жолмен асырау мақсатында шынайы еңбек етсе оның мерейі тасып, ырысы асатындығы сөзсіз. Бұл жөнінде Алла тағала қасиетті Құранда:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Салты жақсының - халқы жақсы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы да жан-жақты ерекшеліктерімен еліміздің келешегіне бағытталған сара жолдың межелгі тұсын айқындай түсті. Егеменді еліміздің тарихы көрсетіп отырғандай, тәуелсіздігіміздің жиырма жылдан астам уақыт ішіндегі мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуы, Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауларындағы бірегей бағдармалар екендігін әлем жұртшылығы мойындап келеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Сұрды (сырнай) үрлеуші періште. Исрафил (ғ.с.) – хадистерде айтылатын төрт үлкен періштенің біреуі.1 Оның негізгі міндеті қиямет қайым басталатын кезде Аллаһтың әмірімен сұр үрлеу. Әрине, бұл Исрафил (ғ.с.) періште мұнан басқа ешнәрсе істемейді деген сөз емес. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбарға Аллаһтың сәби бергенін сүйіншілеп адам бейнесінде келген періштенің,2 Аллаһ тағаланың аршысын көтерген періштелердің бірі3 және Бәдір шайқасында мұсылмандарға жәрдем еткен періштелердің арасында осы Исрафил (ғ.с.) періштенің орын алғандығы айтылады.4 Сонымен қатар, бәлкім біз біле бермейтін өзге де әмірлерді орындауға үнемі дайын тұруы әбден мүмкін.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ас - адамның ар-қауы» дейді дана халқымыз. Шынын-да - солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол - тәннің азығы. Сол себепті күнделікті үш мезгіл тамақтануымызды бойға қуат сыйлайтын Аллаһтың нығметі деп білуіміз керек. Бірақ, көп жағдайда дұрыс тамақтанбаудан ба, әйтеуір, асқазанға көрінгенді тығып, ақырында түрлі ауруларға жол беріп алатынымыз бар. Шыны керек, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін бүгінгі медицина саласы ғылыми тұрғыдан дәлелдеуде. Ал, осыдан он төрт ғасыр бұрын ғылым емес, надандық дәуірлеген кезеңде Аллаһтың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) тамақтанудың әдебін көрсетіп кеткен. Біз де Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне сүйене отырып, тамақтану әдебін әрбір мұсылман баласы біле жүрсін деген ниетпен аз-кем тоқталып өтуді жөн көрдік.