Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық мешітінің имамы Марат Бидайбекұлының бастамасымен ауылдағы мұқтаж отбасыларға «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы арқылы көмек берілді.
«Алла Тағала Құранда: «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «әр-Рахман» сүресінде баяндағандай, шынында да жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана. Алла Тағала «Хаж» сүресінің 37-аятында: «...Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр!» ‒ деп, үнемі қайырымдылық жасайтын пенделеріне сүйінші хабар жеткізген.
Бұл игі шара – ел ретінде орныққан бірлігіміз бен ынтымағымыздың, бауырмалдық пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Тәуелсіздік бізге тек еркіндік қана емес, үлкен жауапкершілік жүктейді. Ал жауапкершіліктің өлшемі – елге қызмет ету.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

