Меркі: Рамазан айының соңғы күндері

Меркі: Рамазан айының соңғы күндері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының соңғы күндері – мұсылман қауымы үшін ерекше рухани маңызға ие уақыт. Осы қасиетті сәттерде жамағат болып ауызашар дастарханында бас қосу – бірлік пен бауырмалдықтың айқын көрінісі.

Осы орайда Меркі ата мешітінде жамағат ауызашарға жиналып, тағылымды кеш өтті. Ауызашар барысында мешіт ұстазы Медина Қадір Қадір түні туралы әсерлі уағыз-насихат айтып, жиналған қауымға оның маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Ол өз сөзінде Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екенін атап өтіп, бұл түнді құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізуге шақырды.

Сонымен қатар, ұстаз Рамазанның соңғы он күнінде құлшылықты арттырып, жүректі тазартуға, кешірім мен мейірімге ұмтылудың маңызын ерекше жеткізді. Жамағат та айтылған насихатты ықыласпен тыңдап, рухани әсер алды.

Мұндай игі басқосулар адамдардың жүрегіне иман нұрын сеуіп, бірлік пен татулықты нығайта түсетіні сөзсіз. Алла Тағала баршамызға Қадір түнінің берекесін нәсіп етіп, жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етсін.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: