#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАДІР ТҮНІ СҰРАҚ ЖАУАП ОЙНАТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАДІР ТҮНІ СҰРАҚ ЖАУАП ОЙНАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының тапсырмасымен ауданға қарасты бірқатар ауылдық мешіттерде Қадір түнінде діни сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Ауыл имамдары жамағатқа арнап діни және дәстүрге қатысты сұрақтар қойып, дұрыс әрі толық жауап бергендерге ақшалай, кейбір мешітте діни кітаптар, жайнамаздар, тәсбихтар, әтірлер сыйға берілді.

Атап айтар болсақ, аудандық мешіт, Ақыртөбе, Қорағаты, Қасымбай ата, Құмарық, Жүсіп, Отарымбет мешіттерінде діни сұрақ-жауап ойындары қолға алынды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: