Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, орталық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде өткен қасиетті Қадір кешінде Рамазан айы бойы тарауық намазында оқылған қасиетті Құранның хатым дұғасы жасалды.
Рамазан айы кешінде жиналған жамағат алақан жайып, шынайы ықыласпен дұға жасап, Жаратқаннан кешірім мен мейірім тіледі.
Аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы арнайы бата жасап, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, мешітте Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізіп, Құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді. Жамағат олардың еңбегіне ризашылық білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

