Жуалы ауданына қарасты референдум учаскелеріне мешіттердің имамдары арнайы келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Діни қызметкерлер ел болашағына бейжай қарамай, саяси науқанға белсенді қатысып, тұрғындарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды.
Имамдардың референдумға келіп дауыс беруі – қоғамдағы әрбір азаматтың ел тағдырына ортақ екенін көрсететін маңызды қадам. Олар тұрғындарды ынтымаққа, татулыққа үндеп, елдің тұрақтылығы мен дамуы үшін маңызды шешімдерге атсалысу қажеттігін атап өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

