Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылдық мешітінің молдасы Киікбаев Ғалымжан 14-наурыз Көрісу күні мектепте өткен іс-шараға шақыртылып, мұғалімдермен бірге мерекені атап өтті.
Көрісу күні немесе Амал мерекесі, қазақ халқының қыстан аман-есен шығып, көктеммен қауышатын, бір-біріне амандық тілеп, реніштерді ұмытатын дәстүрлі мейрамы. Бұл күні адамдар ерте тұрып, жасы үлкендерге сәлем береді, ағайын-туыс араласып, төс қағыстырып көріседі, «Бір жасыңмен!» деп құттықтайды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

