Тараз: Қадыр түні - ғибадат түні

Тараз: Қадыр түні - ғибадат түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әл Фирдаус" мешітінің әйел-қыздар секторына қарасты ұстазы Нұржамал Оңғарқызы Рамазан айынның  “Қадыр түнінің” алдында шәкірттерге осы айдың ұлықтығын білдіретін, тек рамазанның ішінде ғана орындалатын құлшылық  амалдарды және кештерінде оқылатын тарауих намаздарының оқылу жолдарын үйретіп, зекет пен пітір садақаның айырмашылығына тоқталып, уағыз-насихат өткізді.

Күндізгі уағыз-насихат кешкі ауыз ашар дастарханымен жалғасты. Дастархан басында сауат ашу курсының екі ауысымында оқып жатқан шәкірттер арасында “Қадыр түні-ғибадат түні” атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара соңында озық шыққан шәкірттер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Жапек Ғалымбек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: