Жамбыл облысы, Тараз қаласы “Әл Фирдаус” мешітінің “Әйел-қыздар” секторының ұстазы Нұржамал Оңғарқызының жетекшілігімен Сауат ашу курсында екі ауысыммен оқып жатқан шәкірттер арасында Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту іс-шарасы Бақара сүресін оқумен басталды.
Жас ерекшеліктеріне қарамастан Қасиетті Рамазан айының сауабына үміттерін жалғаған, Алла елшісіне деген сүйспеншілік сезімдерін Салауатпен байлаған қатысушылар Рамазан айының үшінші жұмасы, 6 наурыз күнін Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға арнап, бір күнде салауат санын алды 10000-ға, соңы 1000-ға жеткізді. Көш алды шыққан шәкірттер өздерінің белсенділіктерін танытып, үлгі бола білді.
Барлық қатысушыларға салауаттан сарқыт деп, ынталандыру сыйлықтары берілді. Іс-шара соңы Сауат ашу курсы шәкірттерінің сезімді оятатын әуезді үндерімен қосылып айтқан Салауаттары жүректегі имани гүлдің бүршік атуына және жүректердің бір-біріне деген сүйіспеншілік, махаббат сезімін оятумен аяқталды.
Ғалымбек Төлегенұлы



20 Март 2026
1 Шавваль 1447

