Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының жүргізуімен Қадір түнінде «Рамазан куиз» діни-танымдық ойыны ойнатылды. Діни ойынға жамағат ішінен 6 топ құрылып, 5 турдан тұратын ойында өзара жарысты.
Жарыс Қадір түнінде сәресі астың үстінде Ақбосаға атты асханада өтті. Діни ойын нәтижесі бойынша 3 орынды Нұр тобы, 2 ші орынды Ұлан тобы, 1 ші орынды 16 ұпаймен Жандос тобы жеңіп алды. Аудан бас имамы жеңімпаз командаларды қаржылай сыйақы және алғыс хатпен марапаттады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



20 Март 2026
1 Шавваль 1447

