БАЙЗАҚ: ҚАДЫР ТҮНІ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

БАЙЗАҚ: ҚАДЫР ТҮНІ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қасиетті Қадір түнінде аудандық «Байзақ баба» мешітінде жамағатпен бірге хатым дұғасын жасады.

Қанат Әділханұлы алдымен жамағатты мың айдан да қайырлы қадір түнімен құттықтап, Құранды толық хатым еткен қариларымыз Әмірхан Досмырзаұлы мен Жамбыл Сұлтанұлына айрықша алғысын білдірді.

«Бұл түнді күллі мұсылман үмбеті асыға күтеді. Қадір түні – дұғалар қабыл болатын, Жаратушы Алла Тағаланың бұйрығымен періштелер түгелдей жер бетіне түсіп, таң атқанша адамзатқа сәлем жаудыратын түн. Рамазан кірген түннен бастап тарауық намазында оқылатын Құран Кәрімнің хатым дұғасын дәл осы қасиетті Қадір түні жасауымыздың себебі де – осы.

Бірде Айша анамыз (оған Алла разы болсын) ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың Елшісі, қадір түнінде қандай дұға тілейін?», деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһым, расында, Сен кешірімдісің және кешіргенді жақсы көресің. Мені кешіре көрші» деп айтасың» деп жауап берген. Хадистердің бірінде: «Кім де кім қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп, құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі», делінген.

Алла Тағала баршамыздың қате-кемшілігімізді кешіріп, өз мейіріміне бөлегей. Раббымыз Қадір кешінде шынайы иманмен жасаған дұғаларымызды, намаздарымызды, берген садақаларымызды, оқыған Құранымызды қабыл етіп, сауабын еселеп жазғай», деді аудан бас имамы.

Қанат Әділханұлы Құран Кәрімнің соңғы аяттары оқылған тарауық намазынан кейін хатым дұғасын жасап, жер бетіне бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Құран Хатым сауабын елдігіміздің жолында ерен еңбек еткен асыл тұлғалардың рухына бағыштап, тұрғындарға жеңілдік тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: