Қордай: Жанға жылу сыйлаған қайырымдылық шарасы жасалды

Қордай: Жанға жылу сыйлаған қайырымдылық шарасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жақсылық», «қайырымдылық», «мейірімділік» — адам баласының ең асыл қасиеттері. Осындай құндылықтарға бала жастан баулу — келешек қоғамның берік іргетасын қалыптастырады. Жастайынан жақсылыққа үйренген, өзгенің қамын ойлауға тәрбиеленген ұрпақ ертең елінің тірегі, қоғамның сүйеніші болары сөзсіз.

Осы игі мақсатта Қордай ауданы, Отар ауылының «Атамқұл» мешітінің имамы Нұрлан Маратбекұлы ұйымдастыруымен, ауылдың белсенді азаматтарымен бірлесе отырып, «Отар» қайырымдылық қорының қатысуымен, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік пен көмір үлестірді. Аталған қайырымдылық шарасына барлығы 1 235 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Бұл — бір ауылдың ғана емес, тұтас қоғамның мейірімділік пен бірлігін айшықтайтын жарқын үлгі. Осындай игі істердің жалғасы көп болғай. Жомарт жандарымыздың қатары арта берсін. Алла Тағала жасалған барлық қайырымды амалдарды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: