Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Мүмін адамның мүмін адамға қатынасы бір-бірін қуаттап тұрған құрылыс іспетті» — деп, екі қолының саусақтарын бір-біріне айқастырып көрсеткен.
Осы хадистің мән-мағынасына сай, аудандық орталық «Қордай» мешітінде жамағаттың бірлігін арттыратын айлық дастарқан ұйымдастырылды. Игі шараға округ имамдары мен мешіт жамағаттары қатысты.
Жиын барысында «Нұр Ислам» мешітінің имамы Зейн қари қасиетті Құран аяттарын оқып, «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамет тағылымды уағыз-насихат айтты. Жиналған жамағат рухани әсер алып, бірлік пен ынтымақтың маңызын терең сезінді. Осындай берекелі, насихатқа толы басқосулар көбейе берсін. Елімізде дінімізге қызмет еткен ізгі істер артып, руханиятымыз гүлдене берсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

