Қордай: Жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік берілді

Қордай: Жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық пен жомарттық салтанат құрған қоғамда әрдайым мейірімділік пен сыйластық үстем болады. Осындай игі ұстанымды негізге алған қайырымды шара Қордай ауданы, Қақпатас ауылының «Қақпатас» мешітінде жүзеге асты.

Мешіт имамы Танекеев Жармұхаммедтің ұйымдастыруымен ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға 100 000 теңге көлемінде азық-түлік қоржындары таратылды.

Бұл көмек көпбалалы әрі әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасыларға үлкен демеу болды. Аталған игі іске атсалысып, жәрдем берген барша азаматтардың садақаларын Алла Тағала қабыл етсін. Осындай сауапты істер жалғасын тауып, қоғамымызда қайырымдылық пен бірлік арта берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: