Әлемдік және дәстүрлі діндердің барлығы адамзатты ізгілікке, көркем мінез бен адамгершілікке тәрбиелейді. Ал Ислам діні — бейбітшілік пен мейірімділікті негіз еткен, адам баласын сабыр мен парасатқа шақыратын хақ дін.
Қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистері де осы асыл құндылықтарды кеңінен насихаттайды. Дінімізді дұрыс түсіну, діни сауаттылықты арттыру — әрбір мұсылманның маңызды міндеті. Осы мақсатта Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің имамы Нұрлан Нұрмаханұлы ауыл тұрғындарымен арнайы кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жамағат өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алып, рухани тұрғыдан пайдалы мәжіліс өтті. Жиын соңында қатысушылар мұсылман баласы білімді, салиқалы әрі қоғамға пайдалы тұлға болуы тиіс деген ізгі ниетпен тарқасты. Баршаңызға амандық пен есендік тілейміз!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

