Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ережеп – дайындық, Шағбан – тазару, Рамазан – кемелдік айы» атты семинар өтті. Рухани жиынға жиналған жамағатқа қасиетті үш айдың мән-маңызы кеңінен түсіндіріліп, әр айды қалай тиімді әрі сауапты өткізу жөнінде пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Семинар барысында Ережеп айының – рухани дайындық кезеңі екені, Шағбанның – жүрек пен ниетті тазартуға берілген мүмкіндік екені, ал Рамазан айының – иман мен сабырды кемеліне жеткізетін қасиетті уақыт екені насихатталды. Қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, рухани әсермен тарқасты.
Жиын соңында жамағатқа арнайы тапсырмалар беріліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Бұл семинар әйел-қыздардың діни сауатын арттырып қана қоймай, алдағы қасиетті айларға рухани серпіліспен қадам басуына жол ашты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

