#Шу: «Жәми» мешітінде шәкірттер арасында фиқһтан танымдық викторина өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде шәкірттер арасында фиқһтан танымдық викторина өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Жәми» мешітінде діни білім алып жатқан шәкірттер арасында фиқһ саласы бойынша мазмұнды әрі тағылымды викториналық сайыс ұйымдастырылды. Шара мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаевтың ұйытқы болуымен жоғары деңгейде өтті.

Викторина барысында шәкірттерге намаз оқу шарттары, дәрет алу тәртібі, мұсылманның 40 парызы сынды маңызды тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, олардың діни білім деңгейі сынға түсті. Жас шәкірттер белсенділік танытып, сұрақтарға нақты әрі жүйелі жауап беруге тырысты.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен шәкіртке

I орын – Қуаныш Бақытұлы велосипед

II орын – Абдулла Инаркиев 20 000 теңге

III орын – Батырхан Базарбай 10 000 теңге табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

Тағылымды шарадан кейін балалардың жүзінен қуаныш пен риза көңіл-күй байқалды. Мұндай іс-шаралар жас буынның діни білімге деген қызығушылығын арттырып, имандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: